Байқау

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 

№ KZ25VPY00029940 куәлігімен бекітілген Дарын.kz — Интеллектуалды клубы ҚР аумағында ұйымдастырып жатқан шығармашылық байқауға мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының оқушылары мен ұстаздарын  қатысуға шақырады

www.дарын.kz

«ДАРЫН» байқауының Ережесі

1.Жалпы ереже

 1.1 Қазақстан Республикасының «Дарын» интеллектуалды білім порталы шығармашылық бағытта байқау өткізеді.

1.2  Республикалық байқауға мектепке дейінгі, 1-11 сынып оқушылары және колледж, ЖОО студенттері қатыса алады.

 2.Байқауға қатысу шарттары

 2.1. Байқауға Қазақстан Республикасының білім алушылары қатысады.

2.2. Байқауға қатысушы берілген тақырыптардың ішінен өзіне ұнағанын таңдап, сол бойынша жұмысын, қатысушы жайлы мәліметті, төлем жасағанын растайтын түбіртекті (квитанция) 87784320938 whatsapp номеріне немесе darynkonkurs@mail.ru электронды почтасына жіберу міндетті.

 3.Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың ережесі www.дарын.kz интеллектуалды білім порталына жарияланады.

3.2. Қатысушы жұмыстары 2021 жылдың 27 ақпан – 7 наурыз аралығында өткізіледі, байқау нәтижесі  7 наурыз күні жарияланады.

3.3. Қатысушыларға І,ІІ,ІІІ орын дипломдары, сертификаттар, ұстаздарына арнайы грамоталар ұсынылады. Бас жүлдегерлер порталдың логотипы бейнеленген, жеңімпаздың аты жөні, оқу орны/сыныбы және ұстазының аты жөні жазылған статуэтка және орталықтың арнайы ынталандыру сыйлығымен марапатталады.

4. Оқушыларға арналған байқау номинациялары


 “АРДАҚТЫ БІЗДІҢ АНАЛАР” (Қазақ тарихындағы тұлғасы биік аналар туралы эссе немесе сурет)

1.       “АНА, СЕН БАҚЫТТЫСЫҢ” (Әже, ана тақырыбындағы жұмыстар: Сурет салу, өлең шығару немесе эссе жазу)

2.       “HAPPY HOLIDAY, MOM” (Отаныңның перзенті ретінде туған елге деген махаббатыңды жаз. Қатысушыларымыз ағылшын тілінде өзінің ақжарма жазуы керек.)

3.       “АСЫЛ ӘЖЕМ” (Әжеңе арналған тілек немесе эссе)

4.       “АНАМ МЕНІҢ – АҚ ГҮЛІМ” (Көркем жазу: Ана туралы кез келген шығарманың немесе өлеңнің үзіндісін көшіріп жазуы керек)

5.       “АНАСЫ БАР АДАМДАР” (Қатысушы кез келген ақынның ана туралы өлеңін таңдап, жүрекпен, беріле оқуы керек; Оқылатын өлең 4-5 шумақтан аспауы тиіс; Қатысушының өлеңді жеткізе білуіне, өлең буындарына екпінді дұрыс қоя білуіне мән беріледі; Өзін-өзі ұстауы, әртістік қабілеті, дауыс ерекшеліктері ескеріледі; Қатысушыны смартфонға видеоға түсіру керек. Видео-файл салмағы 50мб-тан аспауы қажет;)

6.       “ШЕБЕР ҚОЛ” (Қатысушы еркін тақырыпта сурет салады. Сурет салу қабілеті, ой-қиялы (фантазиясы) ескеріледі; Тек сурет салуға арналған арнайы қағаз-қаламдарды (түрлі-түсті қарындаштар) қолдану қажет; Қарап салуға болады, бірақ белгілі бір суреттің үстінен басып көшіруге қатаң тыйым салынады;


 

 5. Ұстаздарға арналған байқау номинациялары

 1.  Үздік сыныптан тыс іс – шара

2.    Үздік сценарий

3.      Үздік сабақ жоспары

4.      Үздік ашық сабақ

5.      Үздік тәрбие сағаты

6.      Үздік мұғалім портфолиосы

7.      Үздік сабақ презентациясы


 6. Бағалау

Қатысушы жұмыстарын арнайы тағайындалған жюри (БАҚ қызметкерлері, ЖОО ұстаздары, ақын
жазушылар, суретшілер) бағалайды.

 7. Төлем

Байқауға қатысушылар білім алушы 800 теңге, педагог мамандар 1600 теңге  жарна төлейді. Оны төмендегі реквизиттерге төлеу міндетті.

Kaspi Gold: 5169 4971 1114 6076

Qiwi: 87784320938

Егер, бір оқу орнынан 20 дан көп қатысушы қатысқан жағдайда 30% жеңілдік қарастырылады.  

 Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: 87784320938 (whatsapp)

 

 

 

 1-қосымша

«Дарын» байқауына қатысуға өтінім

1)     Қатысушының аты жөні

2)     Қатысушының ұстазының
аты жөні

3)     Қатысушының оқу орны

4)     Таңдаған байқау тақырыбы

5)     Байланыс номері

6)     Электронды почтасы