Қорытынды

«ДАРЫН» БАЙҚАУЫ ДАРЫНДЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ!


«Дарын» интеллектуалды білім порталы Қазақстан республикасындағы балалар мен жастар арасындағы дарынды оқушыларды, үздік ұстаздарды анықтау үшін ұйымдастырған шығармашылық байқауы бүгін өз мәресіне жетті. Байқауға 500-ден аса өтінім келіп түсті. Жарысқа қатысып, өз білімі мен қабілеттерін сынауда белсенділік танытқан ұстаздар мен оқушыларға алғысымыз шексіз.
Қазақтың дүлдүл ақындарының шығармаларын мәнерлеп орындап, берілген тақырыптарда шығарма жазып, өлең шығарып, сурет салған жастардың арасынан жүйріктерді анықтау қазылар алқасына өте қиын болды. Ал, педагогикалық тәжірибесін көрсетіп, түрлі тақырыптарда презентациялар, сабақ жоспарларын, сценарийлерін ұсынған ұстаздарға баға беру де үлкен күш пен ойтолғамды талап еткені рас.


Еліміздің ертеңі білімді және дарынды балалар мен білікті ұстаздардың қолында! Сол себепті байқау қатысушыларына білім бәйгесінде сәттілік тілейміз!
Назарларыңызға орын алған қатысушылар тізімін ұсынамыз.
Жеңімпаздар тізімімен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Қатысушы марапаттары 15 ақпан күні жұмысы келген почта/ватсап номерлеріне жеке жеке жіберіледі.