Біздің мақсатымыз

  • Ел тірегі білімді ұрпақ.  "Бұлақ көрсең көзін аш" деп бекер айтылмаған, көкөрімді ерте бастан көтермелеп, демеп отырған абзал. Білімді жақсартудың алғы шарттарының бірі - дарынды, сауатты балаларды анықтай білу, бойындағы ерекше қасиеттерді көрсетуге, дамытуға мүмкіндік туғызу. Білімді ұрпақты сауатты ұстаз тәрбиелеп шыға алады. Сондықтан мұғалімдердің алдында тұрған міндеттер де жоғары. Біздің мақсатымыз: Оқушылардың зеректігін, бойындағы шығармашылық қабілетін, өз ойын еркін жеткізе білуіне, сауатын дамытуға ықпал ету. Бүгінгі таңда ынтымағы жарасқан, әлемге үлгі бола алатын, өнегелі тәрбиемен сусындап өскен жас ұрпақ тәрбиелеуге көмек қолын созу Мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі - дарынды балаларды анықтай білу, бойындағы ерекше қасиеттерін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік беру. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге көмек беру. Біз сіздермен білімді, саналы, сауатты оқушылармен, тәжірибелі ұстаздармен бірлесе қызмет етуге дайынбыз.   Еліміздің білімді жастары көбейе берсін! Білім берер ұстаздарымыз аман болсын!

87784320938